МЕНЮ

Евразия 2022


«ЕУРАЗИЯ» ҚАЙТА ОРАЛДЫ

«Еуразия» Халықаралық кинофестивалі пандемияға байланысты орын алған екі жылдық үзілістен кейін қайта оралды! Енді ол бұрынғысынша 1998 жылы өзі құрылған, фестивальдердің көпшілігі өткен Алматы қаласында өз жұмысын бастамақ.

Кезекті 16-шы «Еуразия» ХКФ 12 - 17 желтоқсан аралығында өтеді. Шараның ресми ашылу және жабылу салтанаты бүкіл еуразиялық кеңістіктегі ең ірі театрлардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында.

Кинофестивальдің көрсетілімдері "Forum" СОО-дағы Kinopark кинотеатрында өтеді.

Фестивальдің құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Биылғы фестиваль екі негізгі байқау бағдарламасын қамтиды:

  • халықаралық, оның аясында қандай да бір тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз, 2021-2022 жылдары шығарылған Азия және Еуропа елдерінің толықметражды кинотуындылары бәсекелес болады;
  • ұлттық – тақырыптық және жанрлық шектеулерсіз, 2021-2022 жылдары шығарылған отандық толықметражды ойын фильмдерін қамтиды.

Байқаудан тыс бағдарлама мен фестиваль шеңберінде өтетін басқа да іс-шаралар мазмұнды болмақ.

Біздің жаңалықтарды оқып жүріңіз!